jitsu gif
Спорт

    Дженнифер Лопестің Алматыдағы концертіне қатысты "Қайрат" футбол клубы мәлімдеме жасады

    әнші Дженнифер Лопес
    Америкалық әнші Дженнифер Лопес. Фото: Jamie McCarthy/Getty Images

    "Қайрат" футбол клубының баспасөз қызметі Дженнифер Лопестің концертін өткізу үшін Алматының Орталық стадионын пайдалану олармен әлі келісілмегенін мәлімдеді, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

    Ресми мәлімдеме "Қайраттың" Instagram желісіндегі парақшасында жарияланды.

    Қайрат" ФК 2025 жылғы 10 тамызда Орталық стадионда концерт өткізу туралы бұқаралық ақпарат құралдарында және ұйымдастырушылардың желідегі парақшаларында пайда болған хабарламаларға байланысты аталған күн клубпен келісілмегенін түсіндіру қажет деп санайды", - дейді клуб өкілдері.

    Олардың мәліметінше, 16 мамырда "Қайрат" ФК Алматы қаласының Спорттық нысандар дирекциясынан Орталық стадионды мәдени шараға алдын ала броньдау туралы ресми хабарлама алған.

    "Жауап ретінде ресми хатта клуб Қазақстан чемпионаты премьер-лигасының бекітілген спорттық күнтізбесіне, сондай-ақ "Қайрат" футбол клубының еурокубок аясындағы халықаралық міндеттемелеріне байланысты көрсетілген мерзімде стадионды пайдалануға болмайтынын хабарлады.

    Республикалық жарыс күнтізбесіне енген "Қайрат" — "Жеңіс" ресми матчы 9 немесе 10 тамызда стадионда өтеді деп жоспарланған. Сонымен қатар 7 және 12 тамызда команда еурокубокқа қатысады. Осыған байланысты стадион УЕФА талаптарына сәйкес міндетті түрде дайындалады. Бұл күндері басқа шараларды өткізуге болмайды", - делінген хабарламада.

    Жоғарыда айтылғандарды ескере отырып, "Қайрат" футбол клубы келісілмеген күні концерт өткізетіні туралы хабарландыруға таңғалған. Алайда клуб мәдени бастамаларды құрметтейтінін, әрі диалогқа ашық екенін жеткізді.

    "Біз Орталық стадионды пайдалану кестесін әзірлеуде барлық мүдделі тараптың одан әрі сындарлы өзара әрекетін күтеміз", - делінген мәлімдемеде.

    Айта кетейік, күні кеше әлемге әйгілі америкалық әнші, актриса Дженнифер Лопес 10 тамызда Алматыда жеке концертін өткізетіні хабарланған еді.

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.