jitsu gif branding logo appbranding logo app

    60-тан астам басым спорт түрі бекітілді: елімізде дене шынықтыру және спорт туралы жаңа заң күшіне енді

    бокс қолғабы
    Бокс қолғабы. Көрнекі фото: pexels.com

    Елімізде дене шынықтыру және спорт туралы жаңартылған заң күшіне енді, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ Туризм және спорт министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

    Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев 15 сәуірде қол қойған "Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне дене шынықтыру және спорт, сондай-ақ артық заңнамалық регламенттеуді болғызбау мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" Заң күшіне енді.

    Аталған заңды Қазақстан Республикасының Туризм және спорт министрлігі әзірлеген. Жаңа заң спорт саласын жаңғыртуға, спорт саясатының тиімділігін арттыруға және бюджет қаражатын оңтайлы пайдалануға бағытталған.

    Командалық спорт түрлеріндегі клубтарды ұстауға арналған бюджет лимиттері айлық есептік көрсеткішке (АЕК) байланысты бекітілді. Бұл инфляцияны ескеруге және қаржыландыру көлемінің жыл сайын қысқармауына мүмкіндік береді.

    Бүгінде басым бағыт ретінде 60-тан астам спорт түрі айқындалды. Олардың шамамен 30-ы еліміздің әрбір өңірінде дамытылады. Бұл қатарға Олимпиада, Паралимпиада, Сурдлимпиада, Азия және Пара Азия ойындары бағдарламасына енген, сондай-ақ ұлттық спорт түрлері кіреді.

    Спорт федерацияларының мәртебесі нақтыланды: республикалық және өңірлік бірлестіктер ұлттық аккредиттелген федерациялар деңгейіне ауыстырылды. Аккредитацияның міндетті шарты ретінде – жергілікті федерациялардың ұлттық құрамға мүшелігі бекітілді.

    І топтағы мүгедектігі бар спортшылардың сүйемелдеушілері заңмен қорғалды. Олар спортшыға киім ауыстыру, арбаны алмастыру, медициналық тексеруден өту және өзге де жағдайларда көмек көрсетеді. Бұл норма жаттығу барысы мен жарыстарға қатысу жағдайын жақсартуға бағытталған.

    Спорт ұйымдары басшыларын бес жылдық мерзіммен ротациялау жүйесі енгізілді. Егер белгілі бір ауданда жалғыз спорт құрылымы болса, ротация сол облыс шеңберіндегі көршілес аудан немесе қала арасында жүзеге асырылады.

    Аталған өзгерістер қазіргі жағдайды жан-жақты талдау негізінде қабылданды. Елімізде 180-нен астам спорт түрі дамыса да, халықаралық ареналарда тұрақты нәтиже көрсететін небәрі 14 жазғы және 5 қысқы олимпиадалық спорт түрі бар. Қаржылық шығындардың өсуі, нәтиженің төмендеуі және жүйелі тәсілдің болмауы заңнамалық реформаның қажеттілігін туғызды.

    Ведомство өкілдерінің хабарлауынша, қазіргі таңда Туризм және спорт министрлігі заңға енгізілген түзетулерді іске асыру жұмыстарын жүргізіп жатыр.

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.