jitsu gif branding logo appbranding logo app
Спорт

    Тоқаев Бекзат Саттарханов атындағы спорт кешенін аралап көрді (фото)

    Қасым-Жомарт Тоқаев Бекзат Саттарханов атындағы спорт кешенінде
    Қасым-Жомарт Тоқаев Бекзат Саттарханов атындағы спорт кешенінде. Фото: Ақорда

    Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Бекзат Саттарханов атындағы спорт кешенін аралап көрді, деп хабарлайды Ақордаға сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ.

    Мемлекет басшысы жеке инвестордың қаржысына салынып, биыл пайдалануға берілген көпфункциялы ғимараттың қызметімен танысқан.

    Елордада орналасқан кешенде түрлі деңгейдегі спорттық іс-шаралар, сондай-ақ халыққа арналған сауықтыру және демалыс бағдарламалары ұйымдастырылады.

    Нысан аумағында футзал, волейбол мен баскетбол алаңдары, бокс, дзюдо, қазақ күресі және басқа да спорт түрлерімен шұғылдануға арналған жекпе-жек залдары бар.

    Президент бұқаралық спортты дамыту үшін осындай кешендерді көптеп салу қажет екенін айтқан. Сондай-ақ жас боксшылармен және футболшылармен әңгімелесіп, олардың келешекте әлем, олимпиада чемпиондары болуына тілектестік білдірген.

    "Бұл үшін, ең алдымен, еңбек ету керек, табандылық қажет. Жеңіске тек еңбекқорлық қана жеткізеді", - деді мемлекет басшысы.

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.