jitsu gif branding logo appbranding logo app
Спорт

    Дзюдошы Ақмарал Науатбекке су жаңа көлік сыйға тартылды (фото)

    Ақмарал Науатбек
    Ақмарал Науатбек. Фото: THIBAUD MORITZ/AFP via Getty Images

    Белгілі қазақстандық дзюдошы, Париждегі Паралимпиада ойындарының жүлдегері Ақмарал Науатбекке су жаңа көлік табысталды. Бағалы сыйлықты Қарағанды облысының дзюдо федерациясының президенті Тимур Тұрсымбаев тарту еткен, деп жазады KAZ.NUR.KZ.

    Ерекше тосынсый алғанын спортшының өзі әлеуметтік желідегі парақшасында жария еткен. Ол желіге су жаңа Kia K5 маркалы көлікпен түскен суретін жүктеген.

    Ақмарал Науатбек
    Ақмарал Науатбек. Фото: instagram.com/alinamarat.17/#

    1bol.kz сайтының жазуынша, мұндай сыйды спортшы қызға Қарағанды облысының дзюдо федерациясының президенті, Азия дзюдо одағының (JUA) маркетинг және даму жөніндегі директоры әрі еліміздегі кәсіби JENYS дзюдо клубының бас директоры Тимур Тұрсымбаев ұсынғанын жазады.

    "Спортшы қызға Kia маркалы көліктің К5 моделін сыйлаған. Елімізде бұл көлік бағасы 14 миллион теңгеден басталады", - делінген мақалада.

    Бұл туралы дзюдодан Қазақстан әйелдер құрамасының көшбасшысы, әлем біріншілігінің күміс жүлдегері Абиба Әбужақыноваға тағы бір көлік сыйға берілгенін жазған едік. Бұл туралы спортшының өзі әлеуметтік желідегі парақшасында жазған.

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.