jitsu gif
    Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
    Жұлдыз Кенжегалиева
    Жұлдыз Кенжегалиева
    Қазақ редакциясының басшысы

    Руслан Желдібай тағы бір қызметке тағайындалды

    Руслан Желдібай
    Руслан Желдібай. Фото: akorda.kz

    Қасым-Жомарт Тоқаевтың баспасөз хатшысы Руслан Желдібай тағы бір қызметке тағайындалды. Енді ол Халықаралық дзюдо федерациясының (IJF) жаңа технологиялар және тиімділікті арттыру бойынша комиссиясының директоры лауазымын қоса атқарады, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

    Бұл туралы Руслан Желдібай өз Facebook парақшасында мәлімдеді.

    "Халықаралық дзюдо федерациясының (IJF) жаңа технологиялар және тиімділікті арттыру бойынша комиссиясының директоры қызметіне тағайындалдым.

    Бұл - қосымша қоғамдық қызмет. Сенім білдірген IJF басшылығына, Мариус Визер мырзаға алғыс білдіремін.

    Еліміздің халықаралық спорт ұйымдарында өкілдерінің болуы - өте маңызды. Бұл қадам арқылы еліміздің беделін нығайтумен қатар, тәжірибе де алмасамыз.

    Дзюдоны елімізде дамыту бағытында біраз жұмыс атқарылып жатыр. Әлі де мәселе жетерлік. Дзюдоны кеңінен дамыту үшін арнайы академия, ал аймақтарда орталықтар қажет болып тұр. Халықаралық ынтымақтастықты да арттырамыз.

    Осы іске барынша өз үлесімді қосамын", - деп жазды Руслан Желдібай парақшасында.

    Руслан Желдібай тағы бір қызметке тағайындалды

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.