Түркиялық боксшы Назым Қызайбайдың үйінде қойдың құлағын жеп көрді
Опубликовано:
Бокстан үш дүркін әлем чемпионы және Токио Олимпиадасының жеңімпазы, түркиялық Бусеназ Сюрменели Алматы облысында қонақта болды, деп хабарлайды 1bol.kz.
Оны Қазақстандағы құрбысы, боксшы Назым Қызайбай шақырған. Екеуі біраздан бері жақсы араласып жүр.
Құрметті қонақ келгенде Назымның әкесі қой сойып, ерекше күтіп алған. Бірақ мұндайды көрмеген Бусеназ біраз таңырқапты. Тіпті, оған қойдың құлағын кесіп бергенде шошығаны тағы бар.
"Аталарымыз жол үстінде дастархан даярлап, бізді күтіп жатыр. Қыздар былайша айтқанда "шок" болып жатыр. Өмірінде бірінші рет қойдың басын көріп отыр", – дейді Назым Қызайбай видеода.
Бусеназ Сюрменелидің жетістіктері:
- Олимпиада чемпионы (Токио-2020)
- Әлемнің үш дүркін чемпионы
- Түркияның ұлттық мақтанышы, 66 кг салмақ дәрежесінің көшбасшысы.
Жақында Астанада өткен World Boxing кубогының финалында Сюрменели өзбекстандық Навбахор Хамидовадан жеңіліп қалды.
Мәтіннен қате тапсаңыз, бізге жазыңыз
Оригинал статьи: https://kaz.nur.kz/sport/about-sports/2265549-turkiialyq-boksshy-nazym-qyzaibaidyng-uiinde-qoidyng-qulagyn-zhep-kordi/