jitsu gif
    Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
    Гүлмира Ерубаева
    Гүлмира Ерубаева
    Контент-ресечер

    "Мұғалімдеріме алғыс": боксшы Махмұд Сабырхан ғылым магистрі атанды (фото)

    Ғылым магистрі атанған Махмұд Сабырхан
    Ғылым магистрі атанған Махмұд Сабырхан. Фото: instagram.com/sabyrkhan_makhmud

    Белгілі боксшы Махмұд Сабырхан ғылым магистрі атанды. Бұл туралы былғары қолғап шебері әлеуметтік желідегі парақшасында жазды, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

    Боксшы Мұхтар Әуезов атындағы университеттің "Спорт менеджменті" білім беру бағдарламасы бойынша ғылым магистрі атанған.

    "Білім нәрімен сусындатқан барша мұғалімдеріме алғыс білдіремін. Еңбектеріңіз жана берсін! Дана қазақ "Білімдіге дүние жарық" дейді. Бұл оқу орнында алған білімім алдағы өмір жолында пайдаға асады деп білем!" - деп жазды Махмұд Сабырхан Instagram-дағы аккаунтында.

    Желі қолданушылары боксшыны білім саласындағы жетістігімен құттықтап, жылы лебіздерін жазуда.

    "Құтты болсын чемпион!", " Олимпиада чемпионы бол!", "Керемет құтты болсын! Жемісін көр! Тек биіктей бер", "Еліміздің мақтанышы", - деп тілек білдірген боксшының жанкүйерлері.

    Айта кетейік, Махмұд Сабырхан 30 маусым мен 6 шілде аралығында Астанада өткен Әлем кубогының чемпионы атанған еді.

    "Мұғалімдеріме алғыс": боксшы Махмұд Сабырхан ғылым магистрі атанды (фото)

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.