jitsu gif
    Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
    Айтолқын Кенесхан
    Айтолқын Кенесхан
    Қазақ редакциясының шеф-редакторы

    "Жүлде қоры 25 мың доллардан кем емес": Алматыда Олимпиадада медаль алған тұңғыш қазақтың турнирі өтеді

    Сол жақта тұрған спортшы - Ғұсман Қосанов
    Сол жақта тұрған спортшы - Ғұсман Қосанов. Фото: Olympic.kz

    3-5 тамыз күндері Алматыда жеңіл атлетикадан халықаралық турнир өтеді. Бұл бәсеке қазақтан шыққан тұңғыш Олимпиада жүлдегері Ғұсман Қосановтың атымен аталады, деп жазады Қазақстан жеңіл атлетика федерациясының баспасөз қызметіне сілтеме жасаған Sportbugin.kz.

    Бұл бәсеке қыркүйек айында Жапонияда өтетін жеңіл атлетикадан әлем чемпионатына іріктеу кезеңі болып саналады. Ереже бойынша спортшы әлем чемпионатына дейінгі бір жыл көлемінде республикалық деңгейден жоғары бес жарыста бақ сынауы тиіс. Содан соң, әлем чемпионатына қатысу мүмкіндігі беріледі.

    Биылғы Қосанов мемориалына 15 мемлекеттен келген 150 атлет қатысады деп күтілуде.

    Әлемдік ережеге сәйкес, бұл санаттағы турнирлердің жүлде қоры 25 мың АҚШ долларынан кем болмауға тиіс.

    Айта кетелік, Ғұсман Қосанов Олимпиада ойындарының медалін иеленген тұңғыш этникалық қазақ. Ол 1960 жылғы Рим Олимпиадасында 4х100 эстафетаға жүгіруден КСРО құрамасы сапында күміс жүлдегер атанған.

    "Жүлде қоры 25 мың доллардан кем емес": Алматыда Олимпиадада медаль алған тұңғыш қазақтың турнирі өтеді

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.