jitsu gif
    Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
    Гүлмира Ерубаева
    Гүлмира Ерубаева
    Контент-ресечер

    "Барлық марапатымның шыңы": бір жыл бұрын Қазақстанға тарихи алтын сыйлаған Сметов әсерлі жазба жариялады

    Елдос Сметов
    Елдос Сметов. Фото: Jack Guez/AFP via Getty Images

    Осыдан тура бір жыл бұрын Олимпиада чемпионы атанып, атын қазақ спорты тарихына алтын әріппен жазған дзюдошы Елдос Сметов осы айтулы жетістігіне орай желіде әсерлі жазба жариялады, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

    "Бүгін мен үшін тарихи күн де келіп жетті. Осыдан тура 1 жыл бұрын арманыма қол жеткізіп, Олимпиада чемпионы атандым. Үш Олимпиаданың әрқайсысының орны бөлек. Бірақ Париж Олимпиадасының алтыны ардайым биік болып қала береді.

    Қаншама маңдай тер мен еңбектің ақталған күні. Барлық марапатымның шыңы. Сәтсіздіктер мен қиындықтар қатар жүрген жолды еңсерген күн. Арманға жету жолында біз көп нәрседен бас тарттық, көп нәрсені тәрк еттік, көп тәуекелге бардық. Дәл осындай қуанышты, дәл осылай арманды барлық спортшының бағындыруына тілектеспін!

    Олимпиада алтынынан кейін ғана мен өмірімді өзіме, отбасыма, жақындарыма арнай бастадым.

    Париж алтыны біз алмайтын қамал жоқ екенін көрсетті. Дәл осы жеңісімді 2028 жылы Лос-Анджелесте қайталағым келеді. Иншалла, келесі төрт жылдықтың басты додасында осы эмоцияны сыйлау үшін бар күшімді саламын", - деп жазды Сметов Instagram-дағы парақшасында.

    Естеріңізге сала кетейік, былтыр Парижде өткен Олимпиада ойындарында Қазақстан құрамасы жеті медаль жеңіп алды. Ел қоржынындағы жалғыз алтынды Елдос Сметов еншілеп, Париж төрінде Қазақстан әнұранын шырқатқан еді.

    Олимп шыңын бағындырған спортшы жеңісінен кейінгі әсерін де бөліскен болатын. Сондай-ақ Сметовтің спорттағы жолы, жетістіктері, кумирі туралы толығырақ жазған едік.

    "Барлық марапатымның шыңы": бір жыл бұрын Қазақстанға тарихи алтын сыйлаған Сметов әсерлі жазба жариялады

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.