jitsu gif
    Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
    Гүлмира Ерубаева
    Гүлмира Ерубаева
    Контент-ресечер

    Олимпиада ойындарының күміс жүлдегері Асхат Жіткеев лауазымды қызметке тағайындалды

    Асхат Жіткеев
    Асхат Жіткеев. Фото: olympic.kz

    Олимпиада ойындарының күміс жүлдегері Асхат Жіткеев еліміздің дзюдо федерациясының вице-президенті болып тағайындалды. Бұл туралы Қазақстан дзюдо федерациясының баспасөз қызметіне сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ хабарлайды.

    Астанада Қазақстан дзюдо федерациясының кезекті конференциясы өтті. Жиында атқарылған жұмыстар қорытындыланып, алдағы мақсат-міндеттер айқындалған. Сондай-ақ федерацияда кадрлық өзгеріс болған.

    Олимпиада ойындарының күміс жүлдегері, Қазақстанның Еңбек сіңірген спорт шебері әрі тәжірибелі спорт маманы Асхат Расулұлы Жіткеев Қазақстан дзюдо федерациясының бас хатшысы лауазымынан босатылып, федерацияның вице-президенті қызметіне тағайындалған.

    "Бұл шешім оның отандық және халықаралық дзюдоның дамуына сіңірген ерен еңбегіне берілген жоғары баға", - делінген хабарламада.

    Айта кетейік, Асхат Жіткеев – 2008 жылғы Бейжің Олимпиадасының күміс жүлдегері, әлем чемпионатының қола жүлдегері, сондай-ақ Азия чемпионы.

    2011-2012 жылдары дзюдодан Қазақстанның ерлер құрамасының бас бапкері болған. 2012 жылдан 2019 жылға дейін федерацияның даму жөніндегі директоры қызметін атқарған.

    2019-2021 жылдары бас хатшы, 2021-2022 жылдары федерация президентінің міндетін атқарушы, ал 2023 жылдан бастап қайтадан бас хатшы лауазымында еңбек еткен.

    2023 жылдың сәуірінен бастап Асхат Жіткеев Азия дзюдо одағының рефери-директоры ретінде халықаралық деңгейде қызметін жалғастырып келеді.

    Асхат Жіткеевтің орнына Қазақстан дзюдо федерациясының бас хатшысы лауазымына Халықаралық дәрежедегі спорт шебері, 2012 жылғы Лондон Олимпиадасының қатысушысы, бірнеше дүркін ел чемпионы атанған Тимур Болат тағайындалған.

    Ол 2017 жылдан бері Қазақстан ұлттық құрамасының команда жетекшісі қызметін атқарып келген.

    Олимпиада ойындарының күміс жүлдегері Асхат Жіткеев лауазымды қызметке тағайындалды

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.