jitsu gif
    Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
    Айтолқын Адырбай
    Айтолқын Адырбай
    Қазақ редакциясының шеф-редакторы

    Екі дүркін Олимпиада чемпионы Пәкістан тауларында қаза тапты

    Лаура Дальмайер
    Лаура Дальмайер. Фото: instagram.com/laura_dahlmeier

    Неміс биатлонының аңызына айналған спортшы Лаура Дальмайер Пәкістанның тауларында қайтыс болды, деп хабарлайды DW басылымына сілтеме жасаған kazinform.kz.

    Оның менеджерлері 31 жастағы спортшының қазасын растады. Қайғылы оқиға 28 шілде күні Каракорум тау жотасындағы Лайла-Пик шыңында болған. Екі дүркін Олимпиада чемпионы тас көшкінінің астында қалып, мерт болған.

    Құтқарушылар оны екі күн бойы іздеген, алайда ауа райының қолайсыздығы мен жер бедерінің күрделілігі іздестіру жұмыстарын қиындатты.

    ZDF арнасының хабарлауынша, соңғы мәліметтерге сәйкес, Лаура Дальмайер оқиға орнында бірден көз жұмған болуы мүмкін. Спортшының денесі тауда қалатын болды. Бұл — оның өзі тірі кезінде қабылдаған шешімі. Лаура егер тауда қаза тапса, ал денесін төменге түсіру тым қауіпті болса, онда өзге адамдардың өміріне қауіп төндірмей, сол жерде қалдыруды өтінген.

    Екі дүркін Олимпиада чемпионы Пәкістан тауларында қаза тапты

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.