jitsu gif
    Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
    Айтолқын Кенесхан
    Айтолқын Кенесхан
    Қазақ редакциясының шеф-редакторы

    Әлем чемпионы атанған қазақ балуанына бір үйір жылқы сыйға берілді

    Жаңажол Қуанышбек бапкерімен
    Жаңажол Қуанышбек бапкерімен. Фото: instagram.com/kazwrestling_official

    Грек-рим күресінен 17 жасқа дейінгілер арасында әлем чемпионы атанған Жаңажол Қуанышбекке ақтөбеліктер ерекше сый-құрмет көрсетті. Спортшыға бір үйір жылқы сыйға берілген, деп хабарлайды 1bol.kz.

    Грекия астанасы Афинада қарсылас шақ келтірмеген жас спортшыға жерлестері бір үйір жылқы сыйға берді. Балуанды бұдан да үлкен сый күтіп тұрғаны да айтылды.

    Айта кетейік, әлем біріншілігінде қазақстандық балуан 45 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде топ жарды. Финалдық белдесуде Қуанышбек Қырғызстаннан барған Нуркерим Кумарбековті жеңді.

    Сонымен қатар Грекиядағы аламанда Нұрдәулет Құмарұлы (48 келіге дейін) мен Нұралы Асқар (55 келіге дейін) күміс медаль иеленсе, Шамиль Досбол (65 келіге дейін) қола жүлдегер атанды.

    Аталған спортшылардан бөлек әлем чемпионатына Базарбек Данияр (51 келі), Ақон Дамир (60 келі), Мейірбекұлы Марлен (71 келі), Макхамбаев Марданбек (80 келі), Тойшы Əділет (92 келі), Советхан Бақтұp (110 келі) қатысты.

    Еске салсақ, 31 шілдеде грек-рим күресінен Қазақстан жасөспірімдер құрамасының өкілі Жаңажол Қуанышбек Афинада өтіп жатқан U17 әлем чемпионатында алтын медаль жеңіп алған еді.

    Әлем чемпионы атанған қазақ балуанына бір үйір жылқы сыйға берілді

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.