jitsu gif
    Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
    Гүлмира Ерубаева
    Гүлмира Ерубаева
    Контент-ресечер

    Мемлекеттік күзет қызметі бастығының орынбасары Қазақстан бокс федерациясының Құрметті президенті болды

    Роман Төреханов
    Роман Төреханов. Фото: instagram.com/boxingkazakhstan

    Роман Алмаханұлы Төреханов Қазақстан бокс федерациясының Құрметті президенті болып сайланды. Бұл туралы еліміздің бокс федерациясына сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ хабарлайды.

    Федерацияның баспасөз қызметінің мәліметінше, 19 тамызда өткен кезектен тыс конференцияда Қазақстан бокс федерациясының президенті Шахмұрат Мүтәліптің ұсынысымен Құрметті президент қайта сайланған.

    Айта кетейік бұған дейін Қазақстан бокс федерациясының Құрметті президенті Кеңес Рақышев болған еді. Федерация Кеңес Хамитұлына отандық бокстың дамуына қосқан үлесі үшін зор алғысын білдірді.

    Ал Қазақстан бокс федерациясының Құрметті президенті болып сайланған Роман Төреханов 2024 жылғы ақпаннан бері ҚР Мемлекеттік күзет қызметі бастығының орынбасары – Қазақстан Республикасы президентінің Күзет қызметінің бастығы қызметін атқарады.

    Мемлекеттік күзет қызметі бастығының орынбасары Қазақстан бокс федерациясының Құрметті президенті болды

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.