jitsu gif
    Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
    Гүлмира Ерубаева
    Гүлмира Ерубаева
    Контент-ресечер

    Түркістан облысында ауыл баласы әйгілі испаниялық футбол клубының академиясынан шақырту алды

    Нұрқанат Нұрмаханұлы
    Нұрқанат Нұрмаханұлы. Фото: Түркістан облысының әкімдігі

    Түркістан облысы Ордабасы ауданы Темірлан елді мекенінің тумасы Нұрқанат Нұрмаханұлы "Атлетико Мадрид" академиясынан шақырту алды, деп хабарлайды облыс әкімдігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ.

    Нұрқанат Нұрмаханұлы Алматы облысындағы Талғар ауданында орналасқан "Атлетико Мадрид" академиясының іріктеуіне қатысып, ресми шақырту алған.

    Іріктеуге Қазақстанның түкпір-түкпірінен келген жас футболшылар қатысқан. Олардың арасынан дара шыққан Нұрқанат техникалық дайындығымен, жылдам шешім қабылдауымен және алаңдағы ойынымен Испаниядан арнайы келген жаттықтырушылардың көзіне түскен. Соның нәтижесінде ол халықаралық деңгейде жаттығуға мүмкіндік алған.

    Нұрқанат Нұрмаханұлы – Темірлан елді мекеніндегі Шоқан Уәлиханов мектебінің жетiншi сынып оқушысы, Түркістан облысының дене шынықтыру және спорт басқармасына қарасты Ордабасы ауданындағы "Жас қанат" командасының тәрбиеленушісі.

    Дәл осы жерде жаттықтырушылары Райымбек Тұрсын, Бексұлтан Серіков және Шыңғыс Тұрсынның жетекшілігімен шыңдалып, кәсіби футболға қадам басқан.

    "Атлетико" академиясы – Еуропадағы ең беделді футбол орталықтарының бірі. Мұнда болашақ жұлдыздар тәрбиеленіп, кәсіби тәртіп пен жоғары деңгейдегі дайындықтан өтеді.

    Түркістан облысында ауыл баласы әйгілі испаниялық футбол клубының академиясынан шақырту алды

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.