Спорт

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Анджелина Джолиден айнымайтын қазақстандық боксшы қыз кім?

Опубликовано:

Бокстан Қазақстан чемпионы Зарина Цолоеваны көпшілік Анджелина Джолиге ұқсатуда деп хабарлайды NUR.KZ порталы "Экспресс К" басылымына сілтеме жасап.

Зарина Цолоева бокстағы шеберлігімен қоса, көркімен де талайды тәнті еткен. Спортшы Ақмола облысының Жақсы ауылында тұрады. Бойжеткен бокс секциясына алғаш келгенде Александр Высоцкий есімді бапкердің қарамағында жаттыққан.

Бірнеше соққысынан кейін Заринаның нағыз дарын иесі екеінн түсінген Александр оны жаттықтыруға кіріседі. Ол бар-жоғы 5 минуттың ішінде боксшы бойжеткендер бір жылда үйрене алмайтын соққы тәсілін игеріп алады.

Заринаның әкесі оның боксқа деген қызығушылығы уақытша деп ойлаған. Алайда ару бастаған ісін тастамай, Қазақстан чемпионы атанды.

Анджелина Джолимен салыстырғанда Зарина Цолоеваға Голливудта дублердің еш қажеті болмас еді. Себебі ол бір мезетте бірнеше қарсыласын жеңіп шыға алатын шеберлікке ие.

Алан Исаевтың материалынан аударылды.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/sport/boxing/1084045-bokstan-qazaqstan-chempionyn-kopshili/