Top.Mail.Ru
Спорт

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Үндістандық боксшыдан жеңілген Левит күміс медальді тағудан бас тартты (видео)

Жарияланған күні:

Василий Левит
Василий Левит. Видеодан кадр: instagram.com/kzsports/

Қазақстандық боксшы Василий Левит Дубайда өткен Азия чемпионатының салтанатты марапаттау рәсімінде мойнына күміс алқаны тағудан бас тартты деп хабарлайды Sports.kz.

91 келіге дейінгі салмақ бойынша өткен финалда Василий Левит төрешілер шешімімен үндістандық боксшы Санжиттен ұтылып қалған болатын.

Отандасымыздың жеңілісі көпшіліктің қызу талқысына түсті. Тіпті, AIBA комментаторлары да жеңіс Василий Левиттікі екеніне сенімді.

Айта кетейік, Біріккен Араб Әмірліктерінің астанасы Дубайда бокстан ересектер арасындағы Азия біріншілігі мәресіне жетті. Өкінішке қарай, қазақстандық боксшылардың бірде-бірі чемпион атанған жоқ. Финалда Қазақстан атынан сынға түскен төрт спортшы Өзбекстан өкілдерінен, бір боксшы Үндістан өкілінен ұтылып қалды.

Еске сала кетсек, бұған дейін Азия чемпионатында қазақстандық боксшы қыздардың сегіз алтын медаль жеңіп алғанын жазған едік.

Азия чемпионатында алтыннан алқа тағынғандар қатарында 48 келідегі Алуа Балқыбекова, 51 келідегі Назым Қызайбай, 54 келідегі Дина Жоламан, 60 келідегі Римма Волосенко, 64 келідегі Милана Сафронова, 69 келідегі Валентина Хальзова, 81 келідегі Фариза Шолтай мен аса ауыр салмақтағы Ләззат Күнгейбаева бар.

Сондай-ақ Владислава Кухта (57 келі) күміс, Марина Вольнова (75 келі) қола медаль еншіледі.

Айта кетейік, бокстан Азия чемпионы атанған спортшыға Қазақстан бокс федерациясы он мың АҚШ доллары көлемінде сыйақы дайындаған.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/sport/boxing/1915374-undistandyq-bokssydan-zenilgen-vasilii-levit-kumis-medaldi-tagudan-bas-tartty-video/