Top.Mail.Ru
Спорт

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Мені бапкерлер штабына алу керек": Ибраимов жарыс жолынан шыққан боксшылар туралы пікір білдірді

Жарияланған күні:

Ермахан Ибраимов
Ермахан Ибраимов. Фото: kfb.kz

Токио Олимпиадасына аттанған тоғыз боксшымыздың бесеуі жарыс жолынан шығып қалды. Осыған қатысты Сидней олимпиадасының чемпионы Ермахан Ибраимов пікір білдірді деп хабарлайды Мalim.kz.

"Жекпе-жектерді көрдім. Бәрін бақылап отырмын. Еш нәрсе айтқым келмейді. Мені шұғыл түрде бапкерлер штабына қосу керек. Бас бапкерлікті айтып отырғаным жоқ. Екінші бапкер ретінде алу керек. Сонда мен ұлттық құрамадағы проблеманы шеше аламын", - деді Ермахан Ибраимов.

Айта кетейік, Токио Олимпиадасына аттанған қазақстандық 9 боксшының бесеуі - Абылайхан Жүсіпов, Василий Левит, Серік Теміржанов, Бекзад Нұрдәулетов және Надежда Рябец жарыс жолынан шығып қалды.

Бүгін құраманың капитаны Қамшыбек Қоңқабаев пен 75 келіде өнер көрсететін Әбілхан Аманқұл шаршы алаңға шығады.

Ауыр салмақта сынға түсетін отандасымыз Мысыр елінің өкілімен жұдырықтасады.

Ал соңғысының қарсыласы өзбекстандық былғары қолғап шебері.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/sport/boxing/1924524-meni-bapkerler-stabyna-alu-kerek-ibraimov-zarys-zolynan-sygyp-qalgan-boksylarga-qatysty-pikir-bildirdi/