Әли Ахмедовтің рингке қашан оралатыны хабарланды
Опубликовано:

Екінші орта салмақта өнер көрсететін қазақстандық боксшы Әли Ахмедовтің келесі жекпе-жегінің өтетін орны мен уақыты белгілі болды, деп хабарлайды Sports.kz.
Boxrec.com сайты ұсынған ақпаратқа сәйкес, 30 шілдеде Әли Ахмедов шаршы алаңға оралады.
Оның келесі жекпе-жегі Лос-Анджелестегі (АҚШ, Калифорния штаты) Crypto.com кешенінде өтпек. 26 жастағы қазақстандықтың қарсыласы әзірге белгісіз.
Айта кетейік, Әли Ахмедов соңғы жекпе-жегін былтыр желтоқсан айында АҚШ-та өткізіп, бірінші раундта мексикалық қарсыласы Пол Валенсуэланы нокаутқа түсірген болатын.
Бүгінде боксшы орта салмақтағы WBA Super/IBF тұжырымы бойынша әлем чемпионы Геннадий Головкиннің (42-1-1, 37 КО) командасында өнер көрсетеді.
Ол шаршы алаңға GGG Promotions компаниясының атынан шығып жүр.
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/sport/boxing/1976297-ali-axmedovtin-ringke-qasan-oralatyny-xabarlandy/