jitsu gif
Спорт

    Соңғы жекпе-жегінде қарсыласын нокаутқа түсірген Мейірім Нұрсұлтанов рейтингте көтерілді

    Мейірім Нұрсұлтанов
    Мейірім Нұрсұлтановтың жапониялық қарсыласын нокаутқа түсірген сәті. Видеодан кадр: sports.kz

    Танымал The Ring журналы орта салмақтағы боксшылардың рейтингін жаңартты, деп хабарлайды Sports.kz.

    WBA Super/IBF тұжырымы бойынша бұрынғы әлем чемпионы Геннадий Головкин бірінші орнын сақтап қалған.

    Ал мексикалық Хайме Мунгия екінші, Жәнібек Әлімханұлы үшінші орында тұр.

    Тағы бір қазақстандық боксшы Мейірім Нұрсұлтанов оныншы сатыдан сегізінші орынға көтерілді.

    The Ring журналы ұсынған орта салмақтағы үздік он боксшы:

    1. Геннадий Головкин (Қазақстан),

    2. Хайме Мунгия (Мексика),

    3. Жәнібек Әлімханұлы (Қазақстан),

    4. Карлос Адамес (Доминикан Республикасы),

    5. Лиам Смит (Ұлыбритания),

    6. Сергей Деревянченко (Украина),

    7. Эрисланди Лара (Куба),

    8. Мейірім Нұрсұлтанов (Қазақстан),

    9. Феликс Кэш (Ұлыбритания),

    10. Кіші Крис Юбанк (Ұлыбритания).

    Айта кетейік, бұған дейін Оңтүстік Кореяның Инчхон қаласында өткен титулдық жекпе-жектен кейін Мейірім Нұрсұлтанов үндеу жасаған еді.

    Бокс кешінде отандық былғары қолғап шебері Жапония өкілі Кадзуто Такесатомен жұдырықтасты. Он екі раундқа жоспарланған жекпе-жек сегізінші раундта аяқталды. Мейірім Нұрсұлтанов қарсыласын нокаутқа түсіріп, орта салмақтағы WBO International белбеуін сәтті қорғады.

    Соңғы жекпе-жегінде қарсыласын нокаутқа түсірген Мейірім Нұрсұлтанов рейтингте көтерілді

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.