jitsu gif
Спорт

    "Біреу түсінеді, біреу түсінбейді": Садриддин Ахмедов ұлттық құрамадан неге кеткенін ашып айтты

    Садриддин Ахмедов
    Садриддин Ахмедов. Фото: instagram.com/sadriddin_____soq

    Кәсіби боксшы Садриддин Ахмедов Qazaq Ring жобасында қонақ болып, ересектер арасындағы ұлттық құрамадан неге кеткенін баяндады, деп жазады KAZ.NUR.KZ.

    "Бокстан ересектер арасындағы ұлттық құрамада бір жылдай жүріп, кәсіби боксқа ауысып кеттім. Себебі менің бала күннен бергі арманым - кәсіби боксты бағындыру еді. Әуесқой бокста жүрген бауырларымыз әлем және Олимпиада чемпионы болуды армандайды ғой. Ал мен кішкентай кезімнен кәсіби боксты таңдадым, стилімді де соған ұқсатқым келді.

    Әуесқой бокс өте қиын спорт түрі. Оның біреу түсінеді, біреу түсінбейді.Кішкентай кезімнен бері әуесқой бокста 10 жыл жүрдім. Ересектер арасында бір ғана жыл болдым. Ал кумирге келер болсам, әуесқой бокста кумирім жоқ. Майк Тайсон, Мұхаммед Әлилер бокстың ең биік шыңына жеткен. Олар сияқты боктасу мүмкін емес.

    Сол сияқты мен өз стилімді қалыптастырғым келді. Мен өзім мықты спортшылар қатарына кіріп, артымыздан ерген балаларға кумир болғым келеді", - деді Ахмедов.

    "Біреу түсінеді, біреу түсінбейді": Садриддин Ахмедов ұлттық құрамадан неге кеткенін ашып айтты

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.