Бокстан Ташкентте өтіп жатқан әлем чемпионатында Санатәлі Төлтаев екінші жекпе-жегін өткізді, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ тілшісі.
63,5 келіге дейінгі салмақта ел намысын қорғап жатқан отандық боксшы 1/16 финалда маврикалық былғары қолғап шебері Ришарно Коленмен жұдырықтасты.
Тартысты өткен жекпе-жекте төрешілердің шешімімен маврикалық спорты жеңіске жетті.
Осылайша, Ташкентте өтіп жатқан Әлем чемпионатында екінші қазақстандық жарыс жолынан шығып қалды.
Айта кетейік, Санатәлі Төлтаев пен Ришарно Колен арасындағы кездесу басталмастан бұрын спорт сарапшылары мен жанкүйерлер қазақстандық боксшы жеңіске жетеді деп болжаған еді. Себебі әлемдік рейтингте отандық былғары қолғап шебері қарсыласынан әлдеқайда жоғарғы орныда тұр.
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/sport/boxing/2019416-alem-cempionaty-toltaevtyn-qatysuymen-otken-zekpe-zekte-kutpegen-natize-tirkeldi/