Top.Mail.Ru
Спорт

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Сүйегім ажырап кеткен сияқты": Төлтаев 35 жастағы маврикалық боксшыдан ұтылған соң не айтты

Жарияланған күні:

Санатәлі Төлтаев пен Ришарно Колин
Санатәлі Төлтаев қызыл жейдеде. Фото: Спортты дамыту дирекциясы

Бокстан Ташкентте өтіп жатқан әлем чемпионатында Санатәлі Төлтаев маврикалық қарсыласына есе жіберіп, жарысты аяқтады. Кездесуден соң ол жанкүйерлерден кешірім сұрап, сынамауды сұрады, деп жазады федерацияның ресми парақшасына сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ.

"Өкінішке қарай, бүгін жеңіліп қалдым. Қазақ елі, сіздерден тек қолдау күтеміз. Сын айтатындар бар, олардан сынамауды сұраймыз. Бізге тек қолдау керек.

Қарсыласым да осал емес. Олимпиадаларға қатысқан, Панамерика ойындарына қатысқан. Бұл сылтау емес.

Бірақ бүгін барымды салдым деп айта алмаймын. Бірінші раундта жарақат алып қалдым. Қарсыласым іштен ұрғанда сүйегім ажырап кеткен сияқты. Қазір ауруханаға барамын.

Бүгінгі жеңіліс үшін барша жанкүйерлерден кешірім сұраймын", - деді Санатәлі.

Еске сала кетейік, жанкүйерлер Санатәлі Төлтаевтың Маврика боксшысынан ұтылғанын қатаң сынға алып, желіде түрлі пікірлерін қалдыруда.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/sport/boxing/2019458-suiegim-azyrap-ketken-siyaqty-toltaev-35-zastagy-mavrikalyqtan-zenilgen-son-ne-aitty/