Top.Mail.Ru
Спорт

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Босаңсыма, ей!": бас бапкер жекпе-жектен соң Асланбек Шымбергеновке не айтты

Жарияланған күні:

Мырзағали Айтжанов пен Асланбек Шымбергенов
Мырзағали Айтжанов пен Асланбек Шымбергенов. Фото: Спортты дамыту дирекциясы

Бокстан Ташкентте өтіп жатқан әлем біріншілігінде қазақстандық Асланбек Шымбергенов жартылай финалға өтті. 29 жастағы боксшыға бас бапкер ерекше рух берді, деп жазады KAZ.NUR.KZ.

Асланбек Шымбергенов 70 келіге дейінгі салмақта сынға түсіп, франциялық Макан Траорені ойсырата жеңді.

Қазақстандық боксшы алғашқы екі раундта қарсыласын екі рет нокдаунға жіберіп, джеб соққыларын жаудырған болатын.

Нәтижесінде, Шымбергенов өз мансабында алғаш рет әлем чемпионатының жартылай финалына шықты. Бұған дейін Асланбек 2021 жылғы әлем біріншілігінің ширек финалында ұтылған еді.

Жекпе-жектен соң Шымбергенов бапкерлеріне алғыс айтты. Ал бас бапкер Мырзағали Айтжанов: "Босаңсыман, ей! Әлі финалға шығу керек, чемпион болу керек", - деді.

Осы сәт жанкүйерлерге анық естілгенін айта кету керек.

Асланбек Шымбергеновтің келесі қарсыласы - үндістандық Нишан Дев.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/sport/boxing/2019990-bosansyma-ei-bas-bapker-zekpe-zekten-son-aslanbek-symbergenovke-ne-aitty/