12 мамыр күні Ташкенттегі әлем чемпионатында жартылай финал жекпе-жектері өтеді. Қазақтың бес боксшысы финал жолдамасын сарапқа салады, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.
13 салмақ дәрежесінде сынға түскен спортшыларымыз арасынан бес боксшымыз жартылай финалға сүрінбей жетті. Олар - Санжар Тәшкенбай (48 келі), Махмұд Сабырхан (54 келі), Дулат Бекбауов (67 келі), Асланбек Шымбергенов (71 келі) және Нұрбек Оралбай (80 келі).
Санжар Тәшкенбай жартылай финалда студенттер арасындағы әлем чемпионы, ресейлік Эдмонд Худоянмен жұдырықтасады.
Махмұд Сабырханның жартылай финалдағы қарсыласы - екі дүркін әлем чемпионы, кубалық Йосвани Витея.
Дулат Бекбауов әлем және Еуропа чемпионаттарының жүлдегері, грузиялық Лаша Гурулимен кездеседі.
Команда капитаны Асланбек Шымбергенов үндістандық Нишат Девпен финал жолдамасын сарапқа салады.
80 келідегі Нұрбек Оралбай Токио Олимпиадасының қола жүлдегері, ресейлік Имам Хатаевқа қарсы шығады.
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/sport/boxing/2020068-eki-durkin-alem-cempiony-bar-qazaq-bokssylarynyn-zartylai-finaldagy-qarsylastary-kimder/