jitsu gif
    Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
    Ақырыс Сейтқазы
    Ақырыс Сейтқазы
    Бұрынғы қызметкер

    "Енді туды алып шықпаймын": Әділбек Ниязымбетов көк байрақты көтеріп шығудың қиындығын айтты

    Әділбек Ниязымбетов жеңіс тұғырында
    Әділбек Ниязымбетов. Фото: olympic.kz

    Бокстан екі дүркін Олимпиада жүлдегері, әлем чемпионатының күміс жүлдегері Әділбек Ниязымбетов Азия ойындарындағы жағдайды еске алды. Бұл туралы Qazaq Ring жобасына сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ хабарлайды.

    Бүгінгі таңда Әділбек Ниязымбетов спорттық мансабын аяқтады. Ал 2014 жылғы Азия ойындарында ол чемпион атанған болатын.

    "Негізі, Азия ойындары өте ауыр болды. Неге десеңіздер, көк туымызды маған тапсырды. Мен алып шықтым. Содан кейін өз-өзіме сөз бердім. "Енді қайтадан туды алып шықпаймын", - дедім. Жауапкершілік өте қиын. Сөзбен айтып жеткізу қиын. Бұл жерде халықтың, отбасыңның, бапкерлердің үміті бар. Соларды ақтамасаң, өз-өзіңді қоятын жер таба алмайсың", - деді боксшы.

    Еске сала кетейік, Әділбек Ниязымбетов 2012 жылғы Лондон, 2016 жылғы Рио Олимпиадаларының күміс жүлдегері.

    Қазақстан құрамасы сапында Бакуде (2011) және Алматыда (2013) өткен әлем чемпионаттарында күміс медаль иеленген.

    201 жылғы Азия ойындарының, 2015 жылғы Азия чемпионатының жеңімпазы.

    "Енді туды алып шықпаймын": Әділбек Ниязымбетов көк байрақты көтеріп шығудың қиындығын айтты

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.