Top.Mail.Ru
Спорт

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Халықаралық Олимпиада комитеті бокс тағдырына қатысты маңызды шешім қабылдады

Жарияланған күні:

Томас Бах
Томас Бах. Фото: Koki Nagahama/Getty Images for Toyota Motor Co.

Бүгін Халықаралық Олимпиада комитетінің кезекті сессиясы өтіп жатыр. Бұл туралы ТАСС агенттігіне сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ хабарлайды.

ХОК сессиясында Халықаралық бокс қауымдастығының (IBA) тағдыры шешілді. 2019 жылдан бері аталған ұйымға ескерту жасаған ХОК мүшелері бұл жолы IBA-ны мойындаудан түбегейлі бас тартты.

Бүгін ұйымның тағдырын дауысқа салуға 70 адам қатысқан болатын. 69 адам Халықаралық бокс қауымдастығын мойындаудан бас тартуға шақырып дауыс берді. Бір адам ғана қарсы дауыс берген.

Айта кетелік, 2019 жылы Халықаралық Олимпиада комитеті әлемдік бокс ұйымындағы төрешілік пен қаржылық мәселелерді алға тартып, ХОК қатарынан уақытша шығарған болатын.

2020 жылғы Токио Олимпиадасы мен Олимпиадаға іріктеу турнирлерін Халықаралық Олимпиада комитеті ұйымдастырды.

Биыл Ташкентте өткен бокстан әлем біріншілігі де лицензиялық статусынан айырылды. Азия құрлығындағы боксшылар үшін Париж Олимпиадасына іріктеу бәсекесі Қытайдағы жазғы Азия ойындарында басталмақ.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/sport/boxing/2025974-xalyqaralyq-olimpiada-komiteti-boks-tagdyryna-qatysty-manyzdy-sesim-qabyldady/