Top.Mail.Ru
Спорт

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Өзім босаттым": команда капитаны Асланбек Шымбергеновтің Астанадағы турнирге неге қатыспағаны белгілі болды

Опубликовано:

бокс
Асланбек Шымбергенов. Фото: Спортты дамыту дирекциясы

Астанада бокстан "Елорда кубогі" халықаралық турнирі өтіп жатыр. Аталған сынға команда капитаны Асланбек Шымбергенов қатысқан жоқ, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

Bassport.kz сайтына сұхбат берген бас бапкер Мырзағали Айтжанов Шымбергеновтің неліктен қатарда жоқ екенін айтты.

"Асланбек Шымбергенов оқу-жаттығу жиынына толық қатысты. Алайда мен оған демалыс беруді жөн көрдім", - деді бас бапкер.

Ал Vesti.kz мәліметінше, Асланбектің аздаған жарақаты да болған.

Айта кетелік, Асланбек Шымбергенов 71 келіге дейінгі салмақта Ташкентте өткен әлем чемпионатында топ жарды.

Финалда ол Өзбекстан өкілі Саидмұрад Жамшидовтан басым түскен еді.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/sport/boxing/2026707-ozim-bosattym-komanda-kapitany-aslanbek-symbergenovtin-astanadagy-turnirge-nege-qatyspagany-belgili-boldy/