Қазақстандық боксшы Батыр Жүкембаев (20-1, 16 КО) кәсіпқой бокстағы 21-жеңісіне қол жеткізді. Ол АҚШ-тағы Плант-Сити қаласында өткен бокс кешінде аргентиналық қарсыласын жеңді, деп жазады Sports.kz.
Жүкембаевтың қарсыласы аргентиналық Уго Альберто Рольдан болды (22-1-1, 7 КО). Жартылай орта салмақтағы жекпе-жек 10 раундқа жоспарланған еді.
Нәтижесінде Батыр Жүкембаев төрешілердің әр түрлі шешімімен жеңіске жетті. Айта кетерлігі, қазақстандық боксшыны қарсыласы бірінші раундта нокдаунға түсірді.
Батыр Жүкембаев кәсіпқой бокстағы 21-жеңісіне қол жеткізсе, Уго Альберто кәсіби аренада екінші мәрте жеңіліс тапты.
Оған қоса бұл Жүкембаевтың АҚШ-та өткізген екінші жекпе-жегі болды. Отандасымыз алғашқы кездесуін 2021 жылдың мамыр айында өткізген. Ол кезде Батыр сегізінші раундта пуэрторикалық боксшы Сабриэль Матиастан жеңіліп қалған еді.
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/sport/boxing/2037529-qazaqstandyq-bokssy-batyr-zukembaev-aqs-tagy-ekinsi-zekpe-zeginde-zeniske-zetti/