Қазақстандық боксшы Төрехан Сабырхан жастар арасында өтіп жатқан бокстан Азия чемпионатының ақтық сынына жолдама алды, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ Қазақстан бокс федерациясының Instagram-дағы ресми парақшасына сілтеме жасап.
Жартылай финалдық бәсекеде Төрехан Сабырхан 63,5 салмақ дәрежесінде өнер көрсетіп, иорданиялық Омар Әл Хадидиден айласын асырды. Отандасымыз үшінші раунд барысында қарсыласын айқын басымдылықпен мерзімінен бұрын жеңді.
Осыған дейін Төрехан Сабырхан алғашқы айналымда Иран елінің боксшысы Сейедалиакбар Мирахмадибабахейдариді мерзімінен бұрын жеңген болатын.
Айта кетейік, Астана қаласында өтіп жатқан бокстан жастар арасындағы Азия чемпионатының финалдық кездесулері 2-4 қараша аралығында өтеді.
Материал авторы: Ерасыл Сайлауғали
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/sport/boxing/2043595-bokssy-maxmud-sabyrxannyn-inisi-alem-cempionatynyn-finalyna-syqty/