Бокстан Қазақстан құрамасы Париж Олимпиадасына жолдама берілетін соңғы лицензиялық турнирге қатысу үшін Таиландқа аттанды. Бұл туралы KAZ.NUR.KZ Ұлттық Олимпиада комитетінің ресми сайтына сілтеме жасап хабарлайды.
24 мамыр мен 2 маусым аралығында Бангкокте (Таиланд) бокстан екінші лицензиялық турнир өтеді. Бұл - Париж Олимпиадасының жолдамалары сарапқа салынатын соңғы жарыс. Осы турнирде Қазақстан ерлер құрамасынан 1, әйелдер құрамасынан 4 боксшы бақ сынайды.
Ерлер арасында 63,5 кг салмақта Мұхаммедсабыр Базарбайұлы ел намысын қорғайды. Ал әйелдер арасында Назым Қызайбай (50 кг), Ұлжан Сәрсенбек (54 кг), Наталья Богданова (66 кг), Валентина Хальзова (75 кг) шаршы алаңға шығады.
Айта кетейік, қазір бокстан Қазақстан құрамасының қоржынында Олимпиаданың 7 лицензиясы бар. Ерлер арасында Сәкен Бибосынов (51 кг), Махмұд Сабырхан (57 кг), Асланбек Шымбергенов (71 кг), Нұрбек Оралбай (80 кг), Айбек Оралбай (92 кг), Қамшыбек Қоңқабаев (92 кг) жолдама иеленді. Ал әйелдер арасында Карина Ибрагимова (57 кг) лицензия жеңіп алған еді.
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/sport/boxing/2104188-qazaqstandyq-boksshylar-olimpiada-zholdamasy-beriletin-songgy-turnirge-attandy-video/
Егер сіздің лақапатыңыз ережелердің талаптарына сәйкес келмесе, оны 4 қазанға дейін өзгертіңіз. Әйтпесе, ол автоматты түрде ауыстырылады.