Top.Mail.Ru
Спорт

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Назым Қызайбай Олимпиадаға іріктеу турнирінде екінші рет жеңіске жетті

Опубликовано:

Назым Қызайбай Азия ойындарында
Назым Қызайбай Азия ойындарында Фото: Нұрғали Жұмағазы

Қазақстандық боксшы Назым Қызайбай Бангкокта (Таиланд) өтіп жатқан лицензиялық турнирде екінші рет жеңіске жетті. Бұл туралы KAZ.NUR.KZ тілшісі хабарлайды.

50 кг салмақта Олимпиада жолдамасына таласып жатқан Назым Қызайбай 1/16 финалда оңтүстік кореялық Джухюнг Джунгпен кездесті. Үш раундқа созылған жекпе-жекте қазақстандық боксшы 5:0 есебімен басым түсті.

Еске салайық, Назым турнирдегі бірінші кездесуінде словакиялық Николь Дурикованы мерзімінен бұрын жеңген еді.

Бүгін, 31 мамырда тағы бір қазақстандық боксшы Мұхаммедсабыр Базарбайұлы шаршы алаңға шығады. Ол ширек финалда кубалық Эрисланди Альвареспен жұдырықтасады.

Осыған дейін Қазақстан құрамасынан Наталья Богданова (66 кг), Римма Волосенко (60 кг) және Ұлжан Сәрсенбек (54 кг) жеңіліске ұшырап, жарысты аяқтаған еді.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/sport/boxing/2110002-nazym-qyzaibai-olimpiadaga-irikteu-turnirinde-koreialyq-boksshyny-zhengip-kelesi-ainalymga-otti/