Top.Mail.Ru
Спорт

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Париж Олимпиадасы: боксшы Асланбек Шымбергеновтің басты қарсыластары кім

Опубликовано:

Боксшы Асланбек Шымбергенов
Боксшы Асланбек Шымбергенов. Фото: olympic.kz

Бокстан Қазақстан құрамасының капитаны Асланбек Шымбергенов Париж Олимпиадасында 71 кг салмақта жұдырықтасады. Оған сайдың тасындай іріктелген боксшылар қарсылас болады, деп хабарлайды Ұлттық Олимпиада комитетінің ресми сайтына сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ.

Шымбергенов Италияда өткен іріктеу турнирінде Олимпиада жолдамасына қол жеткізген еді. Оның жазғы Азия ойындарында жолдама еншілейтін мүмкіндігі болған. Бірақ жапониялық Сэвон Окадзава жартылай финалда Асланбектің жолын кесті. Алдағы жазғы ойындарда осы боксшы қарымды қарсылас болары сөзсіз. 

Парижде Шымбергеновке бәсекелесін болатындардың қатарында Өзбекстан боксшылары да бар. 71 кг салмақта Асаходжа Муйдинхожаев бақ сынайды. Асланбек те, Асаходжа да 2023 жылғы әлем чемпионатында топ жарған. Екеуі Ханчжоудағы Азия ойындарында жұдырықтасты. Бұл жекпе-жекте Асланбек қарсыласын үш рет нокдаунға жіберді. Осыдан соң екі раунд бойы Шымбергеновке ұпай бермеген төрешілер жеңісті қазақ боксшына жазуға мәжбүр болды.

Бұдан бөлек ирландиялық Эйдан Уолш, британиялық Льюис Ричардсон бар. Сонымен бірге иорданиялық боксшы, 2018 жылғы Азия ойындарының қола, 2022 жылғы Азия чемпионатының күміс жүлдегері Зейяд Ишаиш та жақсы қарсылас бола алады. Ол бұрын Асланбектен де, Окадзава мен Асаходжадан да жеңілген.

Еуропа ойындарының чемпионы Николай Тертерян (Дания), Еуропа чемпионы Вахид Аббасов (Сербия) және үндістандық Нишант Дев те қауіпті қарсыластар қатарында. 

Айта кетейік, Париж Олимпиадасы 26 шілде мен 11 тамыз аралығында өтеді. Бокстан Қазақстан ерлер құрамасы Олимпиадаға толық құрамда барады.

"Хабардар бол!" - NUR.KZ ұсынған жаңалықтар топтамасы

Редакция ең өзекті мақалаларды бір жерге топтастырып, назарға ұсынады. Әлемде және елде болып жатқан аптаның ең маңызды оқиғаларынан әрдайым хабардар болып отырыңыз.

* міндетті түрде толтырылуы керек жол

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/sport/boxing/2125020-parizh-olimpiadasy-boksshy-aslanbek-shymbergenovting-basty-qarsylastary-kim/