jitsu gif
    Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
    Ахмет Қамшыбек
    Ахмет Қамшыбек
    Бұрынғы қызметкер

    Төрехан Сабырхан бокстан әлем чемпионатының ширек финалына жолдама алды

    Төрехан Сабырхан
    Төрехан Сабырхан. Фото: instagram/boxingkazakhstan

    Черногорияның Будва қаласында өтіп жатқан бокстан жастар арасындағы әлем чемпионатында қазақстандық боксшы Төрехан Сабырхан (67 кг) ширек финалға жолдама алды. Бұл туралы KAZ.NUR.KZ Қазақстан бокс федерациясының баспасөз қызметіне сілтеме жасап хабарлайды.

    67 кг дейінгі салмақта сынға түскен Төрехан Сабырхан әлем чемпионатының 1/8 финалында ауғанстандық Самир Хамдаммен кездесті. Нәтижесінде қазақстандық боксшы Төрехан Сабырхан төрешілердің бірыңғай шешімімен (5:0) жеңіске жетті.

    Бұл Төрехан Сабырханның әлем чемпионатындағы алғашқы жекпе-жегі. Оның алғашқы қарсыласы шаршы алаңға шыққан жоқ.

    Айта кетейік, ширек финалда қазақстандық боксшы Төрехан Сабырхан өзбекстандық Акбар Ахмадовпен кездеседі. Өзбекстандық боксшы Акбар Ахмадов 1/8 финалда хорватиялық Матия Берендтен басым түскен болатын.

    Төрехан Сабырхан бокстан әлем чемпионатының ширек финалына жолдама алды

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.