Top.Mail.Ru
Спорт

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Қазақ боксшылары қатысатын Азия чемпионаты өтетін ел өзгерді

Жарияланған күні:

Сәкен Бибосынов пен Хасанбой Дусматов
Сәкен Бибосынов пен Хасанбой Дусматов. Фото: olympic.kz

Бокстан алдағы Азия чемпионаты Иорданияда емес, Таиландта өтетін болды. Бұл туралы KAZ.NUR.KZ Азия бокс конфедерациясының ресми сайтына сілтеме жасап хабарлайды.

Азия бокс конфедерациясының басшылығы мен ұйымдастырушылар алдағы Азия біріншілігін Амманда (Иордания) емес, Таиландтың Чиангмай қаласында өткізу туралы шешім қабылдаған. Жарыс 30 қараша мен 11 желтоқсан аралығында болады.

Бұл бәсекеде әйелдер 48 кг, 50 кг, 52 кг, 54 кг, 57 кг, 60 кг, 63 кг, 66 кг, 70 кг, 75 кг, 81 кг және +81 кг салмақта бақ сынайды. Ал ерлер 48 кг, 51 кг, 54 кг, 57 кг, 60 кг, 63,5 кг, 67 кг, 71 кг, 75 кг, 80 кг, 86 кг, 92 кг және +92 кг салмақ дәрежесінде сынға түседі.

Бокстан алғашқы Азия чемпионаты 1963 жылы Таиландтың Бангкок қаласында өткен еді. Бұл ел құрлық додасын 2015 және 2019 жылдары да қабылдаған болатын.

Айта кетейік, алдағы Азия чемпионатына бокстан Қазақстан ұлттық құрамасы да қатысады. Команда Алматы облысында оқу-жаттығу жиынын өткізіп жатқанын жазған едік.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/sport/boxing/2186390-qazaq-boksshylary-qatysatyn-aziia-chempionaty-otetin-el-ozgerdi/