jitsu gif
Спорт

    Данияр Елеусінов шаршы алаңға қашан оралатыны белгілі болды

    Боксшы Данияр Елеусінов
    Боксшы Данияр Елеусінов. Фото: instagram.com/yeleussinovdaniyar

    Қазақстандық боксшы Данияр Елеусінов келесі жекпе-жегін қашан өткізетіні анықталды. Бұл туралы KAZ.NUR.KZ хабарлайды.

    All Stars Boxing промоушенінің мәліметінше, Данияр Елеусінов ақпанда шаршы алаңға оралады. Бірақ қазақстандық боксшының қарсыласы әлі белгісіз.

    Промоушеннің Instagram-дағы жазбасында Елеусіновке қарсылас болуы мүмкін үш боксшы көрсетілген. Олардың қатарында Оңтүстік Африка өкілі Тулани Мбенге (21-2, 15 KO), британиялық Крис Конго (15-2, 7 KO) және Венэсуэлла спортшысы Габриэль Маэстре (6-1-1, 5 KO) бар.

    Данияр Елеусінов соңғы рет рингке биыл қыркүйекте шығып, Алматыдағы бокс кешінде жұдырықтасқан еді. Ол филиппиндік Джо Нойнайды мерзімінен бұрын 5-раундта ұтып, WBC Peace чемпоны атағын иеленді. Осылайша, Елеусінов кәсіпқой бокстағы 12-жеңісіне қол жеткізген болатын.

    33 жастағы Данияр Елеусінов – әуесқой бокстан Олимпиада чемпионы, әлем біріншілігінің жеңімпазы, Азия чемпионатының, Азия ойындарының екі дүркін алтын медаль иегері.

    Данияр Елеусінов шаршы алаңға қашан оралатыны белгілі болды

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.