Top.Mail.Ru
Спорт

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Бес баланың анасы да бар: бокстан Азия чемпионатына қатысатын Қазақстан әйелдер құрамасы анықталды

Жарияланған күні:

Әйгерім Сәттібаева
Әйгерім Сәттібаева. Фото: instagram.com/aigerimaskarova91

Бокстан Азия біріншілігіне қатысатын Қазақстан әйелдер құрамасы жасақталды. Құрлық додасында ел намысын қорғайтындардың арасында бес балалы ана Әйгерім Сәттібаева да бар. Бұл туралы KAZ.NUR.KZ Қазақстан бокс федерациясының Instagram-дағы парақшасына сілтеме жасап хабарлайды.

Азия чемпионаты 29 қараша мен 11 желтоқсан аралығында Чианг Мэйде (Таиланд) өтеді. Қазіргі уақытта бас бапкер Елдос Сайдалиннің жетекшілігімен әйелдер құрамасы Алматы облысында дайындығын пысықтап жатыр.

Ұлттық құрама сапына енгендердің қатарында Әйгерім Сәттібаева да бар. Бес бала тәрбиелеп отырған ана Қарағандыда өткен "Мықтылар турнирінде" топ жарған еді. Оның жұбайы Олжас Сәттібаев бокстан Рио Олимпиадасының қатысушысы, Азия чемпионы.

Таиландтағы Азия біріншілігіне қатысатын Қазақстан әйелдер құрамасы:

  • 48 кг. Әйгерім Сәттібаева;
  • 50 кг. Алуа Балқыбекова;
  • 52 кг. Жазира Орақбаева;
  • 54 кг. Сымбат Әлиасқар;
  • 57 кг. Ұлжан Сәрсенбек;
  • 60 кг. Виктория Графеева;
  • 63 кг. Аида Әбікеева;
  • 66 кг. Милана Сафронова;
  • 70 кг. Наталья Богданова;
  • 75 кг. Диана Мағауияева;
  • 81 кг. Гүлсая Ержан;
  • +81 кг. Елдана Талипова.

Еске салайық, қазақ боксшылары қатысатын Азия чемпионаты өтетін ел өзгерген еді. Алғашында турнир Иорданияның Амман қаласында болады деп жоспарланды. Бірақ кейін ұйымдастырушылар жарысты Таиландтың Чиангмай қаласында өткізу туралы шешім қабылдады.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/sport/boxing/2188815-bes-balanyng-anasy-bokstan-aziia-chempionatynda-qazaqstan-namysyn-qorgaidy/