jitsu gif
    Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
    Ахмет Қамшыбек
    Ахмет Қамшыбек
    Бұрынғы қызметкер

    Төртінші алтын: Айбек Оралбай Азия чемпионы атанды

    Айбек Оралбай
    Айбек Оралбай. Фото: Қазақстан бокс федерациясының баспасөз қызметі

    Қазақстандық боксшы Айбек Оралбай Таиландтың Чиангмай қаласындағы Азия чемпионатының финалында өнер көрсетті. Бұл туралы KAZ.NUR.KZ хабарлайды.

    +92 кг салмақ дәрежесінде сынға түскен Айбек Оралбай финалда қытайлық Абудурешити Ремуламен кездесу өткізді. Нәтижесінде Айбек Оралбай Қытай боксшысын төрешілердің бірыңғай шешімімен жеңді.

    Айбек Оралбай 2022 жылы Амманда өткен Азия чемпионатында 92 кг дейінгі салмақ дәрежесінде алтын медаль жеңіп алған болатын.

    Қазақстан ерлер құрамасы бұл Азия чемпионатында 4 алтын, 5 күміс, 1 қола жүлде еншіледі. Махмұд Сабырхан (54 кг), Бекзат Нұрдәулетов (86 кг), Сағындық Тоғамбай (92 кг), Айбек Оралбай (+92 кг) чемпион атанды. Санжар Тәшкенбай (48 кг), Оразбек Асылқұлов (57 кг), Дулат Бекбауов (67 кг), Абылайхан Жүсіпов (71 кг), Диас Молжігітов (75 кг) күміс медаль иеленсе Ерасыл Жақпеков (80 кг) қола медальді қанжығасына байлады.

    Естеріңізге сала кетейік, Таиландтың Чиангмай қаласындағы Азия чемпионатының әйелдер арасындағы жарыста Қазақстан құрамасы турнирдің медальдар есебінде көш бастады. Қазақстанның әйелдер құрамасының боксшылары 5 алтын, 5 қола жүлде жеңіп алды.

    Төртінші алтын: Айбек Оралбай Азия чемпионы атанды

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.