jitsu gif
Спорт

    Ертуған Зейнуллин кәсіпқой бокстан қайта оралған спортшыдан басым түсіп, ел чемпионы атанды

    Ертуған Зейнуллин
    Ертуған Зейнуллин. Фото: instagram.com/ertugan_zeinulinov

    Ертуған Зейнуллин мен Жандос Қыдыралиев бокстан Қазақстан чемпионатының финалдық бәсекесінде сынға түсті. Бұл туралы KAZ.NUR.KZ хабарлайды.

    63,5 кг дейінгі салмақ дәрежесіндегі финалда Ертуған Зейнуллин (Алматы облысы) мен Жандос Қыдыралиев (Алматы) кездесу өткізді.

    27 жастағы Ертуған Зейнуллин 2020 жылы өткен Қазақстан чемпионатында жеңімпаз атанған.

    Жандос Қыдыралиев 2016 жылы Канададан шақырту алып, ол жақта кәсіпқой боксшылар Садриддин Ахмедов, Батыр Жүкембаевпен жаттығу жүргізген. Сондай-ақ кәсіпқой бокста 6 жекпе-жек өткізіп үлгерген. 6 жекпе-жектің бәрінде жеңіске жеткен, оның 4-еуін мерзімінен бұрын аяқтаған. Жандос Қыдыралиев 7 жылдан кейін әуесқой боксқа қайта оралып, 2023 жылы ұлттық құрама қатарына қосылды.

    Естеріңізге сала кетейік, Қазақстан чемпионатының финалдық бәсекелерін Sport Plus Qazaqstan арнасының ресми сайтынан немесе YouTube желісінен көруге болады.

    Ертуған Зейнуллин кәсіпқой бокстан қайта оралған спортшыдан басым түсіп, ел чемпионы атанды

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.