jitsu gif
Спорт

    World Boxing ұйымы 2025 жылғы Азия чемпионаттары өтетін күндерді бекітті

    рингте тұрған боксшы
    Рингте тұрған боксшы. Көрнекі фото: pixabay.com

    World Boxing ұйымы бокстан 2025 жылғы Азия чемпионаттары өтетін күндерді бекітті. Бұл туралы KAZ.NUR.KZ Қазақстан бокс федерациясына сілтеме жасап хабарлайды.

    Федерация мәліметінше, биыл World Boxing ұйымы ұйымдастыратын Азия чемпионаттарында барлық жас дәрежесінде ерлер мен әйелдер боксы бірге өткізіледі.

    Біріншіліктерді қабылдайтын қалалар тізімі кейін толық белгілі болады.

    Естеріңізге сала кетсек, бұған дейін World Boxing ұйымы 2025 жылдың ресми жарыс күнтізбесін жариялаған еді. Онда бокстан әлем кубогының екінші кезеңі 30 маусым мен 7 шілде аралығында Қазақстанда өтетіні айтылған.

    Бокстан әлем кубогы – ерлер мен әйелдер арасындағы үздік боксшылар рейтингтік ұпайларды сарапқа салатын, бірнеше кезеңнен тұратын турнир сериясы. Биыл жыл бойы үш кезең өткізіліп, қараша айында қорытынды, яғни финалдық бәсеке болмақ.

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.