Спорт

Зектілері

Хабаровскідегі турнир: Сәкен Бибосынов Хасанбой Дусматовтың туған інісін жеңіп, финалға шықты (видео)

Жарияланған күні:

Сәкен Бибосынов
Сәкен Бибосынов. Фото: olympic.kz

Ресейдің Хабаровск қаласында өтіп жатқан бокстан Константин Коротковты еске алуға арналған турнирде Сәкен Бибосынов финалға жолдама алды, деп хабарлайды Kazinform.  

Агенттіктің жазуынша, 54 келіде сынға түсіп жатқан Бибосынов жартылай финалда өзбекстандық Фариезбек Дусматовты 5:0 есебімен жеңген.

Фариезбек  қос дүркін Олимпиада чемпионы Хасанбой Дусматовтың туған інісі. Хасанбой да аталған турнирге келгенімен, ширек финалда жолын інісіне берген. 

Енді Бибосынов финалда ресейлік Денис Палшинмен қолғап түйістіреді.

Сондай-ақ ел құрамасынан Мұхамедсабыр Базарбайұлы (67 келі) жартылай финалда ресейлік Егор Козорезовке 0:5 есебімен жеңіліп, турнирдің қола медалін қанағат тұтқан.

Қазірге дейін ел құрамасынан Римма Волосенко (60 келі) өзбекстандық Рашида Тагированы 5:0 есебімен, Ұлдана Таубай (66 келі) тағы бір қазақстандық Аружан Жаңабаеваны 4:1 есебімен жеңіп, бас жүлдені сарапқа салуға мүмкіндік алған.

Жарыстың аталған сатысында Жандос Қыдыралиев (63.5 келі) өзбекстандық Абдулло Мадаминовқа 0:5 есебімен жол берген.

Айта кетейік, халықаралық турнир биыл 16-рет ұйымдастырылып отыр. Байрақты бәсеке 20 сәуірге дейін жалғасады.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/sport/boxing/2237139-habarovskidegi-turnir-saken-bibosynov-hasanboi-dusmatovtyng-tugan-inisin-zhengip-finalga-shyqty/