jitsu gif
Спорт

    Қазақстандық боксшы қыздар Азия чемпионатында 12 алтын медаль жеңіп алды

    Қазақстан құрамасының мүшесі
    Қазақстан қыздар құрамасының мүшесі. Фото: Туризм және спорт министрлігінің Telegram-дағы арнасы

    Бокстан Шри-Ланкада өтіп жатқан U22 Азия чемпионатында жастар санаты бойынша Жанкелді Ахметов баптайтын Қазақстанның қыздар құрамасы зор жетістікке қол жеткізді. Финалға шыққан ұлттық құраманың 12 өкілі де қарсыластарын жеңіп, топ жарды, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

    Туризм және спорт министрлігінің баспасөз қызметінің хабарлауынша, бұл бәсекеде Азия құрлығынан 21 ел қатысты.

    Атап айтқанда Қазақстан, Ауғанстан, Аустралия, Бангладеш, Бутан, Камбоджа, Үндістан, Ирак, Қырғызстан, Сауд Арабиясы, Кувейт, Малайзия, Моңғолия, Палестина, Солтүстік Корея, Шри-Ланка, Сирия, Таиланд, Тәжікстан, БАӘ, Вьетнам 12 салмақта жүлдені сарапқа салды.

    Чемпион атанған боксшылар:

    • 48 келі – Айым Танкибаева

    • 50 келі – Сила Биболсынқызы

    • 52 келі – Рахмина Абдумежитова

    • 54 келі – Жанель Имантаева

    • 57 келі – Ақнұр Тұрсынғали

    • 60 келі – Толғанай Қасымхан

    • 63 келі – Алина Құдайгенова

    • 66 келі – Ақбота Есімбекова

    • 70 келі – Мария Сидоренко

    • 75 келі – Зарина Толыбай

    • 81 келі – Құралай Егінбайқызы

    • +81 келі – Сабина Жақсылық.

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.