jitsu gif
Спорт

    Таиландтағы турнирде Төрехан Сабырхан финалға жолдама алды

    Төрехан Сабырхан
    Төрехан Сабырхан. Фото: instagram.com/boxingkazakhstan

    Таиланд астанасы Бангкокта өтіп жатқан бокстан Thailand Open халықаралық турнирінде Төрехан Сабырхан (70 келі) финалға шықты, деп хабарлайды Kazinform.

    Жартылай финалда ол қырғызстандық Ихтияр Нишоновпен қолғап түйістірді. Төрешілердің бірауыздан шешімімен 5:0 есебімен жеңіске жетіп, жарысты жалғастыруға мүмкіндік алды.

    Енді ол финалда өзбекстандық Мұхаммадазизбек Исмойловпен шаршы алаңға шығады.

    Айта кетсек, Төрехан жастар және жасөспірімдер арасында төрт дүркін Азия чемпионы атағын жеңіп алған.

    Төрехан былтыр қарашада Черногорияның Будва қаласында өткен жастар арасындағы бокстан әлем чемпионатының алтын медалін иеленді.

    Еске салсақ, бұдан бұрын Диас Молжігітов (80 келі), Виктория Графеева (60 келі), Гүлсая Ержан (80 келі) финалға жолдама алды.

    Сондай-ақ ел құрамасынан Дулат Бекбауов (65 келі), Данияр Рахымбердиев (90 келі), Бекзат Таңатар (85 келі) мен Нұрсұлтан Алтынбек (55 келі) қола жүлдені қанағат тұтты.

    Дәстүрлі турнир 24 мамыр мен 1 маусым аралығында өткізіліп жатыр. Оған Қытай, Корея, Жапония, Өзбекстан, Қазақстан, Таиланд және тағы басқа елдің былғары қолғап шеберлері қатысады деп жоспарланған.

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.