jitsu gif branding logo appbranding logo app
Спорт

    Астанадағы Әлем кубогы: қазақ боксшыларының алғашқы қарсыластары белгілі болды

    Санжар Тәшкенбай
    Санжар Тәшкенбай. Фото: instagram.com/qaz_team_official

    Бүгін Астанада World Boxing ұйымының ұйымдастыруымен бокстан Әлем кубогы кезеңі басталады. Осы орайда жеребе тарту рәсімі өтіп, қазақ боксшыларының алғашқы қарсыластары анықталған. Бұл туралы Olympic.kz сайтына сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ хабарлайды.

    Жеребе тарту рәсімінің қорытындысы бойынша қазақ былғары қолғап шеберлерінің алғашқы қарсыластары мынадай:

    Ерлер

    50 келіге дейін

    • Санжар Тәшкенбай – Шодай Кото (Жапония)

    55 келіге дейін

    • Махмұд Сабырхан – Шин Чжэен (Оңтүстік Корея)

    60 келіге дейін

    • Серік Теміржанов – Джейкоб Кассар (Аустралия)

    65 келіге дейін

    • Ертуған Зейнуллинов – Ахмет Пекель (Түркия)

    70 келіге дейін

    • Абылайхан Жүсіпов – Алмаз Орозбеков (Қырғызстан)

    75 келіге дейін

    • Сабыржан Аққалықов – Джошуа Офори (Канада)

    80 келіге дейін

    • Нұрбек Оралбай – Мұрад Аллахвердиев (Әзербайжан)

    85 келіге дейін

    • Бекзад Нұрдәулетов – Лахлан Лоусон (Австралия)

    90 келіге дейін

    • Сағындық Тоғамбай

    Сағындық Тоғамбай Азиз Аббес Мухийдин (Италия)/Малакай Джорджес (АҚШ) жекпе-жегінің жеңімпазымен шығады.

    90 келіден жоғары

    • Айбек Оралбай – Хосе Агустин Трисет (Доминикан Республикасы)

    Әйелдер

    48 келіге дейін

    • Назым Қызайбай – Приянка Диллон (Канада)

    51 келіге дейін

    • Алуа Балқыбекова – Дженифер Лозано (АҚШ)

    54 келіге дейін

    • Әнел Сақыш – Татьяна Обермайер (Германия)

    57 келіге дейін

    • Айдана Забынбекова

    Айдана Забынбекова Джули Рамадан (Аустралия)/Алиса Мендоса (АҚШ) жекпе-жегінің жеңімпазымен шығады.

    60 келіге дейін

    • Виктория Графеева – Аяка Тагучи (Жапония)

    65 келіге дейін

    • Аида Әбікеева – Дион Бурман (Ұлыбритания)

    70 келіге дейін

    • Наталья Богданова – Чану Тхокчом (Үндістан)

    75 келіге дейін

    • Надежда Рябец – Вивиан Дом Сантос Перейра (Бразилия)

    80 келіге дейін

    • Гүлсая Ержан – Рани Пуйя (Үндістан)

    80 келіден жоғары

    • Елдана Тәліпова – Олтиной Сотимбоева (Өзбекстан).

    Айта кетейік, бокстан Әлем кубогының үшінші кезеңі 30 маусым-7 шілде аралығында өтеді. Ірі доданы Жақсылық Үшкемпіров атындағы жекпе-жек сарайынан тамашалауға болады.

    Күндізгі сессияның басталуы – сағат 14:00, кешкі сессияның басталуы – 19:00.

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.