jitsu gif branding logo appbranding logo app
Спорт

    Астанадағы Әлем кубогы: бүгін Махмұд Сабырхан, Нұрбек Оралбай бастаған боксшылар шаршы алаңға шығады

    Нұрбек Оралбай
    Нұрбек Оралбай. Фото: Қазақстан Республикасының Ұлттық Олимпиада комитеті

    Астанада өтіп жатқан Әлем кубогының екінші жарыс күнінде алты қазақ боксшысы шаршы алаңға шығады, деп хабарлайды "ҚазАқпарат" ХАА.

    Бүгін жарыс жолына шығатын қазақ боксшылары:

    Күндізгі сессия

    • 1-жұп (А рингі). Әйелдер. 54 келі Анель Сакыш – Феруза Казакова (Өзбекстан)
    • 5-жұп (В рингі). Ерлер. 55 келі. Махмұд Сабырхан – Шинь Дже Ён (Оңтүстік Корея)
    • 9-жұп (А рингі). Ерлер. 80 келі. Нұрбек Оралбай – Мурад Аллахвердиев (Әзербайжан)

    Кешкі сессия

    • 4-жұп (В рингі). Әйелдер. 75 келі. Надежда Рябец – Вивиан дос Сантос Перейра (Бразилия)
    • 6-жұп (В рингі). Ерлер. 60 келі. Серік Теміржанов – Джейкоб Кассар (Австралия)
    • 11-жұп (А рингі). Ерлер. 90 келіден жоғары. Айбек Оралбай – Хосе Агустин Трисет (Доминикан Республикасы). 

    Айта кетейік, күндізгі сессия сағат 14:00-де, кешкі сессия 19:00-де басталады. Жекпе-жектерді Qazsport телеарнасы тікелей эфирде көрсетеді. Сондай-ақ боксшылардың өнерін Жақсылық Үшкемпіров атындағы жекпе-жек сарайынан да тамашалауға болады.

    Елордадағы Әлем кубогы 7 шілдеге дейін жалғасады. Бұл – олимпиадалық WORLD BOXING ұйымының Қазақстандағы алғашқы жарысы. 

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.