Астанадағы Әлем кубогы: бүгін сегіз қазақ боксшысы өнер көрсетеді
Опубликовано:

Астанада өтіп жатқан Әлем кубогының үшінші жарыс күнінде сегіз қазақ боксшысы шаршы алаңға шығады, деп хабарлайды "ҚазАқпарат" ХАА.
Бүгін жарыс жолына шығатын қазақ боксшылары:
Күндізгі сессия
- 1 жұп (В рингі). Әйелдер. 48 келі. Назым Қызайбай – Фарзона Фозилова (Өзбекстан)
- 5 жұп (В рингі). Әйелдер. 51 келі. Алуа Балқыбекова – Дженнифер Лосано (АҚШ)
- 7 жұп (А рингі). Әйелдер. 80 келі. Гүлсая Ержан – Пуджа Рани (Үндістан)
- 8 жұп (В рингі). Ерлер. 50 келі. Санжар Тәшкенбай – Содаи Кото (Жапония)
- 10 жұп (В рингі). Ерлер. 85 келі. Бекзад Нұрдәулетов – Лаклан Лоусон (Австралия).
Кешкі сессия
- 2 жұп (А рингі). Әйелдер. 60 келі. Виктория Графеева – Гизем Озер (Түркия)
- 6 жұп (А рингі). Әйелдер. 65 келі. Аида Абикеева – Дион Бёрман (Англия)
- 8 жұп (А рингі). Ерлер. 65 келі. Ертуған Зейнуллинов – Ахмет Пекел (Түркия)
- 11 жұп (А рингі). Ерлер. 90 келі. Сағындық Тоғамбай – Малачи Джорджес (АҚШ).
Айта кетейік, күндізгі сессия сағат 14:00-де, кешкі сессия 19:00-де басталады. Жекпе-жектерді Qazsport телеарнасы тікелей эфирде көрсетеді.
Сондай-ақ боксшылардың өнерін Жақсылық Үшкемпіров атындағы жекпе-жек сарайынан да тамашалауға болады.
Елордадағы Әлем кубогы 7 шілдеге дейін жалғасады.
Мәтіннен қате тапсаңыз, бізге жазыңыз
Оригинал статьи: https://kaz.nur.kz/sport/boxing/2261499-astanadagy-alem-kubogy-bugin-segiz-qazaq-boksshysy-oner-korsetedi/