jitsu gif branding logo appbranding logo app

    Назым Қызайбай, Махмұд Сабырхан және Бекзат Нұрдәулетов Әлем кубогының алтын медалін жеңіп алды

    Назым Қызайбай
    Назым Қызайбай. Фото: Ақор

    Астанада өтіп жатқан World Boxing кубогының финалында үш қазақстандық боксшы алтын медаль жеңіп алды, деп хабарлайды Ақорда. Финалды мемлекет басшысы да тамашалады.

    Назым Қызайбай, Махмұд Сабырхан және Бекзат Нұрдәулетов World Boxing кубогының алтын медалін жеңіп алды. Ал Нұрбек Оралбай күміс жүлдеге ие болды.

    Бүгінге дейін Сағындық Тоғамбай, Аида Әбікеева, Айдана Забынбекова қола жүлдеге қол жеткізді.

    Бұған дейін Астанада өтіп жатқан World Boxing аясындағы әлем кубогында финалға қанша елдің боксшылары шыққанын жазған едік. Финалға қазақстандық 12 боксшы жолдама алған.

    Еске сала кетейік, мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Астанада өтіп жатқан бокстан Әлем кубогының финалын тамашалауға барды.

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.