БАҚ: Қазақстандық боксшы Ыстықкөлде суға батып көз жұмды
Опубликовано:
Қазақстандық бокста қайғылы оқиға болғаны туралы ақпарат тарады. Kozachkov offside Telegram-арнасы жақында Ыстықкөлде шымкенттік спортшы Ибрахим Ирисматов суға батып көз жұмғанын жазған. 1bol.kz басылымының мәліметінше, спортшы оқу-жаттығу жиынына барған, деп жазады KAZ.NUR.KZ.
"Оқиға болған сәтте сол маңда 22 жасқа дейінгі боксшылар құрамасының оқу-жаттығу жиындары өтіп жатқан.
Бокс федерациясының мәліметінше, қаза тапқан жігіт бұл жиынға қатыспаған, демалуға барып, басқа демалыс базасында тұрған. 9 шілде күні марқұмның денесі туған жеріне жеткізілді", - деп жазады басылым.
Мәтіннен қате тапсаңыз, бізге жазыңыз
Оригинал статьи: https://kaz.nur.kz/sport/boxing/2264586-baq-qazaqstandyq-boksshy-ystyqkolde-suga-batyp-koz-zhumdy/