jitsu gif
    Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
    Жұлдыз Кенжегалиева
    Жұлдыз Кенжегалиева
    Қазақ редакциясының басшысы

    Жәнібек Әлімханұлы мен Карлос Адаместің жекпе-жегі өтпейтін болды

    Жәнібек Әлімханұлы
    Жәнібек Әлімханұлы. Фото: Yong Teck Lim/Getty Images

    Әлемдік бокс индустриясының ең ықпалды тұлғаларының бірі, Сауд Арабиясының беделді инвесторы Турки әл аш-Шейх Жәнібек Әлімханұлы мен Карлос Адамес арасындағы титулдық жекпе-жекті ұйымдастыруға ниет білдіргенін мәлімдеді. Алайда оның айтуынша, бұл жекпе-жек Адаместің келіспеуінен жүзеге аспай қалған, деп хабарлайды 1bol.kz.

    "Мен сіздерге бір шындықты айтайын. Ол (Адамес) менің уақытымды текке кетірді және өз мүмкіндігін жіберіп алды. Мен оған өте жақсы, жомарт ұсыныс жасадым. Алайда 4-5 күн бойы мүлде жауап болмады. Бұл өте түсініксіз жағдай. Ақырында мен өз ұсынысымды кері қайтарып алдым. Бұл жекпе-жек "Чемпиондар түні" кешінің бір бөлігі болуы керек еді. Жәнібек тарапынан ешқандай қарсылық болған жоқ. Бар мәселе – Адаместе", – деді Турки әл аш-Шейх Thaboxingvoice подкастында.

    Айта кетейік, бұл ақпаратты Жәнібектің өзі де растады. Ол X (бұрынғы Twitter) желісінде әл аш-Шейхтің сұхбатынан үзінді жарияланған видеоны бөліскен.

    Жәнібек Әлімханұлы мен Карлос Адаместің жекпе-жегі өтпейтін болды

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.