Сәкен Бибосынов пен Хасанбой Дусматов салмақ өлшеу рәсімінен сәтті өтті
Опубликовано:
Олимпиада ойындарының жүлдегері Сәкен Бибосынов 20 шілдеде кәсіпқой бокстағы алғашқы жекпе-жегін өткізеді, деп хабарлайды 1bol.kz.
Сәкен бұл күні Бішкекте филиппиндік Кристиан Леганға қарсы қолғап түйістіреді. Қос боксшы бүгін салмақ өлшеу рәсімінен өтті.
Айта кетейік филиппиндік боксшы бұған дейін мансабында 10 рет жекпе-жек өткізіп, оның төртеуінде жеңіске жетіп, үшеуінде тең нәтижеге жеткен және бір мәрте жеңілген.
Бұған қоса бұл кеште тәуелсіз Қырғызстан тарихында бокстан алғаш рет Олимпиада жүлдесін иеленген Мунарбек Сейітбекулы да дебют жасайды.
Ал кештің басты бәсекесі – даңқты өзбек боксшысы, Олимпиада ойындарының 2 дүркін чемпионы Хасанбой Дусматовтың жекпе-жегі болмақ. Ол кәсіпқой бокстағы жетінші жекпе-жегін өткізеді. Қарсыласы — филиппиндік Ричард Ласпона.
Бұл бокс кешін Жапонияның танымал Kameda Promotions промоутерлік компаниясы ұйымдастырып отыр.
Мәтіннен қате тапсаңыз, бізге жазыңыз
Оригинал статьи: https://kaz.nur.kz/sport/boxing/2266800-saken-bibosynov-pen-hasanboi-dusmatov-salmaq-olsheu-rasiminen-satti-otti/