jitsu gif
    Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
    Гүлмира Ерубаева
    Гүлмира Ерубаева
    Контент-ресечер

    "Маған сенгендердің бәріне арналады": Бибосынов кәсіпқой бокстағы алғашқы жекпе-жегіне қатысты пікір білдірді

    Сәкен Бибосынов
    Сәкен Бибосынов. Фото: .instagram.com/sakenbibosinov

    Сәкен Бибосынов кәсіпқой бокстағы алғашқы жекпе-жегіне қатысты пікір білдіріп, өзін қолдаған барша жанға алғысын айтты, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

    "Ассалаумағалейкум, ағайын! Кәсіпқой бокстағы алғашқы жекпе-жегімді сәтті бастадым. Аллаға сансыз шүкір, бүгінгі кеш – менің алғашқы жеңісіммен аяқталды.

    Бұл – тек менің емес, мені әр сәтте қолдаған, дайындаған бапкерлерімнің, туған ағамның, командамның ортақ жеңісі!

    Осы жолда біргеміз, бірге тер төктік, бірге намысымызды қорғадық. Бүгін рингте жеңіске жету – тек бір күннің емес, айлар бойы төгілген тердің, ауыр жаттығулардың жемісі.

    Мен жалғыз бокстасқан жоқпын. Менің жанымда сенім, тілек, дұға тұрды.

    Аллаға сансыз шүкір! Жеңіс жалғасын тапсын, бұл – тек бастамасы! Алланың қалауымен, бұдан да биік белестерге бірге жетеміз! Жолымда қолдау білдірген әр жанға – алғысым шексіз!

    Бұл жеңіс – маған сенгендердің бәріне арналады", - деп жазды боксшы Instagram желісіндегі парақшасында.

    Айта кетейік, бұған дейін Сәкен Бибосыновтың кәсіпқой бокстағы алғашқы жекпе-жегін сәтті бастағанын жазған едік.

    20 шілдеде Қырғызстан астанасы Бішкек қаласында өткен бокс кешінде қазақ былғары қолғап шебері 23 жастағы филиппиндік Кристиан Леганы нокаутпен жеңді.

    "Маған сенгендердің бәріне арналады": Бибосынов кәсіпқой бокстағы алғашқы жекпе-жегіне қатысты пікір білдірді

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.